Бала кезімде біздің рудан Нар дейтін би шығыпты. Ол кісіні мен өз көзіммен көрдім де, сырықтай тіп-т...
Тұрсын ЖҰМАШ: Мені іздеме көздеріңе жас алып...
БІР КҮНІ ЕСКЕ ТҮСІРІП
Мына мені
бір күні еске түсіріп,
Жылайсыңдар,
Тағдырымды түсініп.
Бұл фәииден Шындық іздеп жүргенде,
Алып кетті қанатына Құс іліп!
Алып ұшып
кетті Ол мені биікке,
Ақ Періштем қалай қисын күйікке!
Құдайменен
бірге жүрген жақсы ғой,
Жаным Сені үлгермедім сүйіп те...
ҚАЙҒЫРМА
Қасіретім
жеп тына мені іштен
Шарапты да Сол ішеді мен ішкен.
Дос – дұшпанға таба қылмай
Қорғап жүр,
Қорғап жүрші, аппақ қанат Періштем.
Құдай білсін, жатарымды қай қырда,
О, Жаратқан ақ жолыңнан тайдырма.
Мен бір түні өлең жазып отырып
Таң алдында –
ғайып болсам ... қайғырма.
Мені іздеме,
көздеріңе жас алып,
Біз осындай бір келісім жасалық.
Тәнім қайтып
келмегенмен аяулым,
рухым қайтып
оралады жасарып.
ҚАЗЫБЕК БИ АУЫЛЫНДА БІР АҚЫН БАР
Жыр жинағым жарқырап,
шықпаса да баспадан,
Мені бір күн түсініп,
ойланады Астанам.
Алатауда бір шың бар,
ешкім аяқ баспаған,
Мен сол шыңға шығамын,
ТҰЛПАРЛАР КЕТІП, ҚАМШЫ ҚАЛАДЫ
Ғарыштың ғажап тыңдаймын әнін,
Білесіңдер ме, мұндайдың барын?
Адасып жүрген бір бақыт барын,
Білемін және бір қайғым барын.
Айғайлағым кеп Айға қарадым,
Қайдан келіп ем, қайда барамын?
Мен бұрын егер өмір сүрмесем –
Компьютерді қайтіп пайдаланамын?..
Үйімнің есігін ашып тастадым,
Пілтелі үміт ғашық-дастаным.
Менің әрбір қимылымды үнсіз,
Қағып алып тұрады қас-қағым...
Бір тылсым күш бағып тұрады,
Лүпілдеп жүрек қағып тұрады.
Алаштың Данкосы мен болсам егер...
Ол болса жүрегін жағып құлады.
Жүректің қаны тамшылап ағады,
Тұлпарлар кетіп, қамшы қалады,
О дүниеге мен өзім бармаймын, -
Көзімде жүрген тамшы барады.
ПЕНДЕЛЕР-АЙ
Табиғаттың бұзбайықшы салтын біз –
Жапырақта, тамшыларда, қыздарда...
Сен жақсысың, сен жылысың, салқын күз,
Абай, Пушкин, Мұқағали, біз барда.
Адамдар-ай, айналайын адамдар,
Мен сөйлейін, тыңдаңдаршы ал, тұрып:
Жалғыз апам, жалғыз ағам анам бар,
Қайда кетем мен оларды қалдырып?
Он төртімде өлең өріп өзімше,
Балалықтан даналыққа ауыстым.
Кешір, Алла, шайқап ішіп көзіңше,
Шарапты да іштім, болдым, тауыстым.
Мен сенбеймін, Алла сенен басқаға,
Саған аян менің адал екенім.
Ақмола емес, аспанда ғой астана –
Сонда менің мекенім.
Кетіп қалмай соңында сол бір қыздың,
Кеттім жырдың орманына ендім де,
Күндіз – ақын, түнде – жарық жұлдызбын.
Періштемін көрінбейтін мен күнде.
Пенделер-ай, айтқанымды түсініп
Бұл заманды демеңдерші ақырғы.
Мен сендерге көктен жарық түсіріп,
Иранбаққа айналдырам тақырды.
Талай таңды кірпік ілмей атырдым,
Ойға толғы ауыр тартып тұр басым.
Аспан жаққа ұшып бара жатырмын,
Түсінбейді замандасым, құрдасым...
СЕН ТҰРА ТҰР
Ойларымды кезінде айта алмаған
Қатал уақыт, сен енді қайтар маған!
Менде бір тұлпарыңмын тағдыры бар,
Даланың кеңдігінен байқалмаған.
Шылбыр үзіп... шарқ ұрып кісінеген,
Қайран менің тұлпарым – кісі денем!
Сен тұра тұр! Қайталанбас қалпымда осы
Көрерге көзі жоқтың... түсіне енем!
АҚЫН РУХЫН ІЗДЕМЕҢДЕР... МОЛАДАН
Мен бір күні Балқантаудан асқанда,
рухым ұшып кетер сіңіп аспанға,
Бүтін денем бөлектеніп өзінен
Ғайып болсам Адамдардың көзінен,
Құтылармын деп ойлаймын сөзінен...
Құтылармын деп ойлаймын алайда,
Жалғыз өзім адасамын қалайда.
Құстар болса мен солармен үндесем,
Жұлдыздардан көзіңді алмай түнде Сен
Жалғыз өзің күіп-жанып төсекте
Төтеп бере аласың ба өсекке?!
Кездескенше жанымды ұғар туысым
Мен армансыз кезем аспан қуысын
Біреу ұғып, біреу мейлі ұқпасын
Ақындардың рухы осында мықты-асыл!
Аспан болса Ақындардың мекені
Белгілі ғой кімдер құдай екені!..
Көретін де шығармын-ау, талайын
Олар мені қабыл алса қалайын!..
Аяулы ақын Мұқағали осында,
Осында ғой Шәкәрім мен Абайым!
Пушкин тірі... Лермонтов қасында,
тірі бүгін Сәкен, Мағжан, Қасымда!
Саңқылдайды Айбергенов Төлеген...
Ақындардың рухы өлмейді расында!
Мүсін болып құйылса да қоладан,
Ақын рухын іздемеңдер моладан:
Ақындардың мықтылығы – Құдай-Ол,
Ақындардың осалдығы... ол – Адам!
ОТАНЫ БҰЛ ҚАЗАҚТЫҢ...
Елімді ойлап, ойлап оның ертеңін,
Тәттімбеттің тәтті күйін шертемін!
Ару деймін қазағымның қыздарын,
Батыр деймін қазағымның еркегін!
Бозторғайы қоймай-қоймай боздайтын
Шабытымның шарасы жоқ қозбайтын...
Жапондықтар сияқтанып бір күні –
Қазақ озып шыға келер... озбайтын!
Қанаттарым ұша-ұша талғанда,
Үмітімді жалғастырдым арманға
Жылап бара жаттым үнсіз... мен бар ғой,
ҚАЗАҚСТАН – тәуелсіздік алғанда!
Туған жердің топырағын уыстап,
Өлеңімді оқи алмай дұрыстап,
Қуаныштан есім шығып, қайтейін –
Мен көшеге шығып кеттім Ту ұстап!
О, туған ел, қасиетіңді тағы ұқтым,
Кеңдігіңе қайран болып қалыппын.
Қазақстан – Адамзаттың мекені,
АДАМ ҰҒЫП БОЛМАЙТЫН
САҒЫНЫШПЫН
Өтті көктем, дүркіреп өтті көктем,
Ақ самалы аймалап өпті беттен.
Бір күні бір жаққа кетіп қалған,
Алтынымның дауысы жетті көктен.
Мен аспанның жетінші қабатында -
Жүрмін ұшып, таусылды тағатым да...
Сенің мөлдір бейнеңді көріп қалам,
Сағыныштың өртеніп тағы отында...
Саған ауып аңсарым алыстағы,
Алматымның елестеп таныс бағы...
Өлең оқып отырған сені көріп,
Алапат күш кеудемді жаныштады.
Жерді тастап кеткелі Айға, алысқа
Мен сенімен шықпадым байланысқа.
Өлең үшін туыпсың, жаным менің -
Бөтен іспең алданып, айналыспа.
Құдай саған керемет беріп күшін,
Не жазсаң да еркінсің, еріктісің.
Сенен қашып кеткем жоқ мен бұл
жаққа
Қыл-қыбырдан жүрегім жеріпті шын,
Көп қарайсың аспанға, Алашыңа,
Алаңдайсың ауырса анашыңа.
Өзің айтшы, базарда балық сатқан
Абай туған қазақтың баласы ма?..
Не болып барады айтшы қоғамдарың,
Қажеті жоқ, сұмдық-ау, оған дарын.
Поэзияға қарсы бір күшті топ бар
Бүлдіретін солар ғой, солар бәрін.
Періштелер оянып... ұшты бәрі,
Пері қарсы тұрып ап ысқырады.
Құлазыған көңілге мың да бір ем -
Өлең деген керемет күшті дәрі
Ақын жаны өлмейді анығында,
Періштеге айналып жаны мұңда,
Жеті қабат аспанда жүреді ұшып,
Таң алдында, түннің бір жарымында.
Жүреді ұшып елемей ештеңені,
рухы таза еместер сескенеді.
Ғашықтарды сарғайтып, сағындырып
Бақыт шіркін, келсе де, кеш келеді.
Кеше оқыған өлеңің қандай мұнды,
Тауға, тасқа соқтың-ау, маңдайыңды.
... Менен басқа бір жұмбақ қыз
бар екен,
Ғашық болып бөліскен сан қайғыңды.
Секем алып сескеніп, елеңдеме
Сенен басқа адамға сенем бе, не?
Түсініксіз түс көріп жүргендеймін,
Бөлектеніп кеткелі менен дене.
Аспанға бір келеді-ау алып ұшқым,
Көрінбедің көзіме нағып үш күн?
Мені қиын түсіну, мен өйткені -
Адам ұғып болмайтын сағынышпын...
ЖЕЛТОҚСАН ТРАГЕДИЯСЫ
Алматының алмасы үсіп кеткен,
Желтоқсанда жүрегім қысып кеткен.
Өзегімді
Өртеудей
Өртеп алып,
Менің қайғым ішіме түсіп кеткен.
Көшесінде болмадым Алматының,
Ауылда едім, ауылда қалды ақының.
Көз алдында
Әлемнің жұрдай болды -
абыройы партия солдатының!
Еркек болып туғаным осы ма деп,
Мен ұрыстым өзіме, досыма кеп.
Өлгім келді
асылып... мұсылманға -
Шейіт болу кәпірше, тосын әдет.
Қалш-қалш етіп қолыма пышақты алдым -
Атылғым да, келді рас, пышақталғым.
Құлағыма
сәбидің үні келіп,
Жылап тұрып, қызымды құшақтадым.
Құшағында баламның аман қалғам,
бір сүйеніш таба алмай жамандардан.
Балқантаудан
Алатау көрінбейді,
Көрінбейді ауылым, далам қардан...
ҚАЙТА АЛАМ БА?
Аспанның сыймады ма қуысына,
Бір жұлдыз ағып түсті уысыма.
Түсінікті түс еді-ау,
түсінбейді...
Түсінігі жоқ не деймін туысыма?
Түсіндіріп, Оларға айта алам ба
Түсінбейді МЕНІ ОЛАР, қайта одан да,
ҒАРЫШ ЖАҚҚА кетейін, жол түсіп тұр –
Кетемін ғой, кетуін...
ҚАЙТА АЛАМ БА?