Алматы әкімдігінде екі жаңа басқарма – сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқар...
Рудныйда 10 магнит жұтып қойған 3 жасар баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: depositphotos.com
Рудныйда үш жасар бала 10 магнит жұтып қойған. Ол Қостанай облыстық балалар ауруханасына жеткізілгеннен кейін қайтыс болды. Арада бір ай өткен соң дәрігерлерге қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Facebook-те осы іспен айналысатын адвокат Дамир Хамитов мәлімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhyтілшісіне сілтеме жасап.
Енді полицейлерде сотқа дейінгі тергеуді бастауға барлық негіз бар, деп атап өтті ол.
«Қостанай қаласының солтүстік полиция бөлімінде 10 магнит жұтып қойған кішкентай Сашаның өліміне қатысты дәрігерлердің үстінен қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігі бойынша ЕҚДБ-да қылмыстық істі тіркеуге қол жеткізді. Енді тергеу сот-медициналық сараптама және фармацевтикалық бақылау комитетінің қорытындысы негізінде тиісті медициналық көмек көрсетпеген дәрігерлер жағына жүргізілетін болады. Кінәлілер баланың өлімі үшін жазалануы керек!» - деп жазды заңгер.
Хамитов Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті өлім фактісі бойынша тексеру жүргізгенін және «баланың өңешіндегі бөгде зат», «сепсис», «перитонит» диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамалары бұзылған түрде балаға медициналық көмек көрсетілгенін анықтады.