Қостанайда студент 11 жылға бас бостандығынан айырылды

Polisia.kz

Жаңалықтар
411

Қостанайда спорт факультетінде оқитын студент есірткі таратқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция облыс орталығының түкпір-түкпірінде есірткі таратумен айналысқан екі адамды ұстаған болатын. Олардың бірі дене шынықтыру факультетінің 4-курсында оқыған.

 

Күдіктілердің жалдамалы пәтерін тінту кезінде 4 келіден аса синтетикалық есірткі, яғни а-PVP тәркіленді. Сонымен қатар электрондв таразылар, 240 мини магнит, электр таспа, фольга және есірткіні орауға арналған басқа да құрылғылар табылған. 

"Алынған партияның құны қара нарықта шамамен 100 миллион теңге болады. Полицейлер айналымға 15 мыңнан аса дозаның жіберілуіне жол бермеді. Есірткіні аса ірі мөлшерде таратқаны үшін сот үкімімен екеуіне де 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлер заңсыз айналымнан 63 келі түрлі есірткі заттарын тәркілеген.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...