«Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет» онлайн-байқауының қорытындысы шықты

ӘДЕБИЕТ
15368

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қарағанды облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Мәдениет порталы» ақпараттық агенттігінде тұңғыш рет өткізіп жатқан «Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет» атты ақындар мен суретшілер арасындағы республикалық онлайн-байқауы өз мәресіне жетті.

Үш айға созылған мега жобаның суретшілерге арналған алғашқы кезеңіне 101 суретші, 300-ден астам картина келіп түссе, екінші кезеңде 100-ге жуық ақындар бақтарын сынады. Олардың ішінен жүзден жүйрек, мыңнан тұлпар қаламгер, әрине, біреу һәм бірегей.

Сонымен «Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет» атты ақындар мен суретшілер арасындағы республикалық онлайн-байқауының жалпы қорытындысы бойынша:

Бас жүлде:

Толқын Табысбек «Көсем» картинасы & Мұрат Шаймаран «1937 жыл немесе Әлиханның соңғы монологі» өлеңі

І орын:

Дәуренбек Бекназар «Көкейкесті» картинасы & Ерлан Жүніс «Көкейкесті» өлеңі

ІІ орын:

  1. Аманат Назарқұл «Ұлы дала кардиограммасы» картинасы & Маралтай Райымбекұлы «Герника» өлеңі
  2. Өмірзақ Рыстан «Ұрпақ қорғаны» картинасы & Ұларбек Дәлейұлы «Бұлдырық құс баяны» өлеңі

ІІІ орын:

  1. Серікжан Ысқақбек «Қоянды жәрмеңкесі» картинасы & Рауан Қабидолдин «Кенепке бояу болып сіңіп кеткен» өлеңі
  2. Құмар Омархан «Ақселеу Сейдімбек» картинасы & Мирас Асан «Рух мүсіні» өлеңі
  3. Аршын Қабылбек «Шахтер» картинасы & Рауан Қабдолда «Мен ғаламды жылытам» өлеңі

Ынталандыру:

Рахат Сапаралинова «Тас тынысы» картинасы & Закария Охан «Тас тынысы» картинасына өлеңі

«Қасым» журналының арнайы жүлдесі

Ерсін Темірғалиев «Қасым Аманжолов» картинасы & Асылан Қуанышұлы «Қызыл елес» өлеңі

Естеріңізге сала кетейік, жеңімпаз Ақын мен Суретші шығармаларынан арнайы үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) альбом дайындалады. Альбом сапалы, түрлі-түсті суреттермен безендіріліп, арнайы түсірілген бейне роликтерге сілтеме берілген QR-кодтармен жарық көреді. 

Салтанатты марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай 26 тамыз күні өтеді яки пандемияға байланысты өзгеруі де мүмкін. Негізгі шарт бойынша поэзия мен суретте үндескен дуэт-жүлдегерлер карантин талаптарын ескере отырып, «Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет» қорытынды мәдени кешіне алдын ала шақыртылады.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруд...

Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы энергетик сусындарға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды ma...