Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады, деп хабарл...
Пойыз билеттері 20%-ға қымбаттайды
Сурет ашық дереккөзден алынды
1 қазаннан бастап Қазақстанда пойыз билеттері қымбаттайды, деп хабарлады madeniportal.kz inbusiness.kz сайтыны сілтеме беріп.
Көлік министрлігі бүгінде елімізде 14 теміржол тасымалдаушысы және 140 жолаушы бағыты бар екенін мәлім етті. Тарифтің көтерілуі оның 62-сіне әсер етеді.
«Бұл біздің пойыздарда көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, сонымен қатар теміржолшылардың еңбекақысын көтеру үшін жасалып жатыр. Қазір елімізде осы бағыттардың барлығында 2 667 көлік жүріп жатыр, тозуы айтарлықтай жоғары, бұл 44 пайызды құрайды», – деді Көлік министрлігінің ресми өкілі Ләззат Стамғазиева.
Talgo бағасы шамамен 19 493 теңгені құрайды, стандартты пойыздарда купе құны 19 653 теңге, резервтік орын 12 871 теңге болады. Қала маңындағы пойыздарға билет құны 6 314 теңгені құрайды.