НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙМЫЗ!

Жаңалықтар
994

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай ЖАС АҚЫНДАР арасында «Ұлы дала төрінде Ұлыс күні» атты мүшайра ұйымдастырады. 

Байқаудың шарттары:– Мүшайраға жасы 30-дан аспаған ақындар қатыса алады. Оның ішінде мектеп оқушылар мен студенттер қатысуға болады. 

– Мүшайраға жіберілетін шығармалар 24 наурызға дейін қабылданады.

–Мүшәйра екі бөлімнен тұрады:

Бірінші бөлімге жас ақындар, жыл басы мерекесі Наурыз – үш мың жылдан бері салтанатты түрде Балқаннан Орталық Азияға дейінгі ауқымды өңірде тойланып, өз бойына адамгершілік, достық пен төзімділік сынды құндылықтарды сіңірген мейрам екендігін баса көрсететін Ұлыстың ұлы күні Наурыз туралы кез-келген өлеңдерін алдын-ала жібере алады. Бірақ, бұл шығармалар бұрын еш жерде жарияланбаған болуы керек. Өлеңдердің көлемі 10-12 шумақтан аспауы керек.

– Екінші бөлім мүшайраның алғашқы бөлімінде жеңімпаз атанған осы ақындардың сахнада ұлтымыздың салт-дәстүрлері туралы берілген тақырыпқа қолма-қол өлең шығара алатын қабілетін бағалауға арналады.

Байқаудың ҚОРЫТЫНДЫСЫ 24 НАУРЫЗ күні Ұлттық академиялық кітапханада айтылады. Арнайы сыйлықтар мен ынталандыру марапаттары беріледі.


Шығармалар мына мекен-жайда қабылданады: 
Астана қаласы, Достық көшесі 11 үй
Байланыс телефондары: 
47 27 12, 8 778 917 51 56, 
8 747 488 08 89 
электронды пошта:asemai1@mail.ru