Нұр-Сұлтан қаласындағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма теа...
Қашаған кен орны жұмысын тоқтатады
Сурет ашық дереккөзден алынды
514
Қашаған кен орнындағы күрделі жөндеуге байланысты кешен 38 күн бойы жұмысын тоқтатады, деп хабарлады madeniportal.kz Ұлысмедиаға сілтеме жасап.
Энергетика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, осы аралықта Қазақстан газдан тарықпайды.
Қашағандағы күрделі жөндеуге байланысты мұнай мен газ алу 38 күнтізбелік күнге тоқтайды деген жоспар бар. Бұл аралық Қазақстан Республикасының Газ балансында есептелген. Егер осы мерзім ішінде ішкі нарыққа газ жетпей жатса, оны көрші елдерден аламыз,- деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар дереккөз Қазақстан Қытай Халық Республикасының алдындағы газ экспорттауға қатысты міндеттерін толық орындап қойған.
Кешеннің жөндеу жұмыстары 3 қазаннан басталады.