Азия чемпионаты: қоржынға тағы бір медель түсті

Жаңалықтар
630

Бахрейнде өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында жерлесіміз Айша Омарова қола медаль алды.

Спортшы байрақты бәсекеде 81 келіге дейін салмақта ел намысын қорғады. Қоссайыс нәтижесінде Омарова 217 (93+124) келіні бағындырды.

Құрлықтың маңызды турнирінде бірінші орынды Сейедехелхам Хоссейни (Иран) жеңіп алды. Ол 227 (102+125) келіні көтерді. Күміс медальға Мотока Накажима (Жапония) қол жеткізді. Оның 223 (100+123) келіні бағындырғаны белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Зульфия Чиншанло мен Асылжан Бектай ел қоржынына алтын салған еді. Ал Арли Чонтей мен Арай Нұрлыбекова Азия чемпионатында екінші орынды қанағат тұтты.

Жаңалықтар

Алматыда вейп сататын орындар жойылды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Құқықтық тәртіп жедел-алды...

Жаңалықтар

Қазақстан мен БҰҰ жанындағы Дүниежүзілік туристік ұйым қазақстандық туризмді жаңғырту үшін ынтымақта...