Жедел жәрдем қызметіне қатысты министрлік мәлімдеме жасады

Фото: ашық дереккөзден

Жаңалықтар
340

Жедел жәрдем қызметінде өзгеріс болмайтынын Денсаулық сақтау министрлі өзінің телеграмм арнасыда жариялады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ведомствоның сөзінше олардың ойын қате түсінгендер бар екен. 

“Бұрынғыдай, 103 нөміріне қоңырау шалу арқылы барлық пациенттер шақырту санатына қарамастан толық көлемде медициналық көмек алады. Сонымен қатар, жеделдікті жақсарту үшін жұмыс уақытында шұғылдықтың IV санатындағы шақыртуларға қызмет көрсетуге медициналық-санитариялық алғашқы көмектің мобилдік бригадалары тартылатын болады. Кешкі және түнгі уақытта, сондай-ақ демалыс күндері барлық санаттағы шақыртуларға жедел көмек бригадалары қызмет көрсететін болады. Осылайша, азаматтар үшін ештеңе өзгермейді, бірде-бір шақырту назардан тыс қалмайды және пациенттерге қызмет көрсетудің жеделдігі мен сапасы одан әрі жақсарады”,- дейді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі  Айгерім Уразалиева. 

Қазақстанда жедел медициналық жәрдем көрсету ережелеріне айтарлықтай өзгеріс енгізілгелі жатырғанын жаздық. Оған сәйкес барлық бригада барлық науқастарға тәулік бойы бара бермейтін болған. 

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі Ашық НҚА сайтында енгізілгелі отырған өзгерістер жобасын жариялады. Оған сай, арнайы бригада түнгі уақытта жеделдігі жөнінен 4-санатқа жататын шақыруларға бармайтын болады. 

Жобада шақыруларды жағдайдың жеделдігіне қарай санаттарға бөлу көзделген.

  1. Жеделдіктің 1 санаты – шұғыл медициналық көмек көрсетуді талап ететін өмірге тікелей қатер төндіретін жағдай; Бригада 10 минут аралығында келеді.
  2. Жеделдіктің 2 санаты – медициналық көмек көрсетусіз өмірге ықтимал қатер төндіретін жағдай; Бригада 15 минутқа дейін келеді.
  3. Жеделдіктің 3 санаты – медициналық көмек көрсетусіз денсаулыққа ықтимал қатер төндіретін жағдай: Бригада 30 минутқа дейін келеді.
  4. Жеделдіктің 4 санаты – пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және ықтимал қатер болмаған созылмалы аурудың шиеленісуінен туындаған жағдай. Жедел жәрдем бригадасы мұндай шақыруларға кестеге сай барады. 

Енді жедел бригада 4 санаттағы шақыруларға тек жұмыс сағаттарында барады:

  • Дүйсенбі-жұма: 08:00-18:00 аралығы 
  • Сенбі: 08:00-12:00 аралығы
  • Жексенбі: демалыс 

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...

Жаңалықтар

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, де...