Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Қоғамдық даму орталығының бастамасымен 14 қазан күні SmArt...
Музей түні-2018
2018 жылдың 18 мамырында 18.00-ден 02.00-ге дейін ҚР Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі жыл сайынғы «Музей түні» жобасын ұсынады. Іс-шараның тақырыбы (ICOM) халықаралық музейлер кеңесінің тұжырымдамасына сәйкес: «Hyperconnected museums: new approaches, new publics/Гиперкоммуникация кезеңіндегі музей: жаңа көзқарастар» деп аталады.
Бізге қолдау көрсеткендер: Алматы қ. Туризм басқармасы, Алматы «Visit Almaty» ресми туристік гиді, «Lumiere» табиғат құбылыстарының шоуы, «Tribal Pro» би ұжымы, алматылық «По кампасам»рок-тобы, «Медведь» трактирі, «ОРИМИ СА» ЖШС «Жемчужина Нила» сауда белгісімен , «ЧайКофский» т.б.
«Музей түні» − бұл Ә. Қастеев музейімен жыл сайын өткізілетін және Халықаралық музей күні мерекесіне орайластырылатын бірегей көркемдік-мәдени іс-шара. Тек жылына бір рет әлемнің барлық музейлері бір мезгілде түнгі уақыттағы келушілер үшін есіктерін айқара ашады.
Күллі әлемдегі «Музей түнінің» негізгі ұраны көрермендер үшін ашықтық әрі қол жетімділік болып табылады. Соған сәйкес, «Қастеевтегі музей түні» мерекелік көркемдік-мәдени акциясының басты мақсаты сан алуан өнер түрлерін дәріптеу және қала тұрғындарының музей бағдарламаларына деген назарын аудару. Осыған орай, түні бойы музейге кіру тегін.
«Қастеевтегі музей түні» − алматылықтардың кездесетін сүйікті орны ғана емес, сонымен бірге жыл сайын 3000-нан 5000-ға дейін қонақтарды жинап, басын қосатын Қазақстандағы ірі өнер фестивалі. Сапалы ойын-сауық бағдарламаларының табынушылары өткен «2017 Музей түнін» әлі ұмыта қоймаса да, ұйымдастырушылар келушілерді жаңа бағдарламаларымен қуантуды жалғастыруда. Осы жылы түнгі бағдарлама екі аймаққа қарастырылған: INDOOR( экспозициялық кеңістіктер) және OPEN AIR форматындағы музей ауласы.
OPEN’ER #kasteyevnight музей төңірегіндегі оған жалғасып жатқан барлық алаңдардың кеңістігін қамтиды. Мұнда біздің қонақтарды: алматылық «Па Кампасам» рок-тобының концерті, «OZON» жобасының эстрадалық өнер көрсетуі, Алматы қаласының танымал DJ тобы, «TriblePro», «Империя танца» би ұжымдарының шоуы, «Фото-Кептіру» тұжырымдамалық көрмесі, жанды мүсін, интерактивті перформанстар, тақырыптық фотоаймақтар, фудкорт пен сусындарға дегустация жасау және кеш хедлайнерлері тарапынан дәстүрлі естен кетпес от атқышпен пиротехникалық шоу, «Lumiere» табиғат құбылыстарының шоуы және көптеген басқалары.
Бұдан басқа, жоба ішіндегі жоба ретінде Ә. Қастеев МӨМ қорынан «Верный көшелерінен Алматы даңғылдарына» көрмесі арнайы әзірленді. Тіркеуден өткен барлық қатысамын деушілер қала кеңістігіне шығатын квест-турға қатыса алады. Квест-тур мен тіркеу тәртібі жөніндегі ақпарат 27 сәуірден музейдің барлық әлеуметтік желілеріне салынатын болады.
Түні бойы музейге кіру, экспозицияны тамашалау тегін.
Жобаның жасампаз құрамы: ҚР Ә. Қастеев атындағы МӨМ Насихат және экскурсиялық қызмет көрсету орталығы мен Ғылыми орталықтардың қызметкерлері