Атырау халқы балалардың мектепке қатынауы үшін өздері жол салуға кіріскен

Фото: ашық дереккөзден

Жаңалықтар
302

Атыраудағы "Нұрсая" шағын ауданының тұрғындары балалардың мектепке қатынауы үшін жергілікті биліктің тротуар салуын ұзақ күткенімен, еш нәтиже шықпаған. Амалы таусылған халық іске өздері кірісіпті, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Тұрғындардың айтуынша, әсіресе, күзде және қыста балшық пен шалшыққа байланысты оқушылардың білім ошағына баруы қиындайды. Сондықтан олар өздері ақша жинап, паддон сатып алып, өз күштерімен жол сала бастады. 

Белсенді Нұрлан Жүнісов адамдар мұны өз бетінше жасауға мәжбүр болғанына ашуланды.

Біздің жергілікті билік қайда?! Былтыр да депутаттарға  көрсеткенмін. Әкімдіктен адамдар келіп көрді де, кейін жоғалып кетті. Әне, тұрғындар өздері материалдар сатып алып, өздері жасап жатыр. Мұнайлы астана деп айтады… Көріңіздер, – дейді ол. 

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...

Жаңалықтар

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, де...