Президентке сот төрелігінің сапасын жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндалды деп ха...
Алдағы жылдан бастап қай мамандық иесінің жалақысы өседі?
Фото: freepik.com
Келесі жылы да су шаруашылығы мамандарының жалақысы өседі. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қарағанды облысына ресми іс-сапары барысында мәлімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасап.
"Биыл "Қазсушар" қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 25 пайызға өсті. Еңбекақысы тариф есебінен төленетіндердің де, республикалық бюджеттен алатындардың да айлығы көтерілді. Келесі жылы да біз су саласындағы мамандардың еңбекақысын көтеру бойынша жұмысты жалғастырамыз. Еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мамандардың еңбегі лайықты түрде бағалануға тиіс", – деді министр.
Еске салайық, бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстанда қанша адам ең төменгі жалақы алатынын айтты.
"Қазақстанда 1 миллион 800 адам ең төменгі жалақы, яғни 85 мың теңге алып жүр. Оның ішінде шамамен 361 мыңы – азаматтық жұмысшылар", – деді Светлана Жақыпова.