Жүзу бойынша Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин әке атанды

Фото: dmitriy_balandin_ парақшасынан

Жаңалықтар
228

Қазақстан спорт тарихында жүзуден тұңғыш Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин балалы болды, деп хабарлайды madeniportal.kz Хабар арнасына сілтеме жасап. 

Баландин инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасында қызды болғанын айтып және жұбайына алғысын білдіріп жазба жариялаған. Олимпиада чемпионы қызының есімін Оливия деп қойғандарын да айтып өткен. 

Баландин Азия ойындарының үш дүркін чемпионы, 2015 жылғы Универсиада жеңімпазы.

Төрт жыл сайын өтетін басты спорт додасының бірінде, нақты айтқанда 2016 жылғы Рио Олимпиадасында Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуде чемпион атанған еді.

Ол 2022 жылы спорттағы мансабын аяқтаған соң отбасын құрды.

Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz. Ресми хабарламада 20...

Шоу-бизнес

Жақында бостандыққа шыққан Мұрат Әбділдә абақтыда жатып 100-ге жуық ән жазғанын айтты, деп хабарлады...