Бибігүл Жексенбай: Сан емес сапа, есеп емес әрекет-нәтиже керек

Пікір
100
Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай Facebook-тегі парақшасында Мемлекет басшысы Үкімет отырысында көтерген мәселелерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Мемлекет басшысы әлемдегі күрделі жағдайды еске салды. Яғни ырғатылып-жырғатылып жүретін кезең емес, ширақ қимылдап, шұғыл шешім қ абылдап, нәтижеге жұмыс істейтін уақыт екенін баса айтты. «Бүгінде бүкіл әлем мемлекеттердің алдағы ұзақ жылдарға даму векторын айқындайтын өте күрделі тарихи кезеңді бастан өткеруде. Біз уақыт көшіне ілесуіміз керек – тез әрі батыл. Уақытты бос сөзбен өткізбей, нақты істерді қолға алып, саяси жауапкершілік танытуымыз керек», - деді Президент. Министрлер мен әкімдердің нақты нәтиже көрсету мерзімі де белгіленсе керек. Одан кейін ұйымдық қорытындылар және тиісті кадрлық шешімдер қабылдануы мүмкін. Тығыз және нақты мерзімдер – мемлекеттік аппаратты кәсібилендірудің алғашқы қадамы, - дейді депутат.

Қасым-Жомарт Тоқаев елді мекендердегі тіршілікті қамтамасыз етудің барлық жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету Үкімет пен әкімдіктердің негізгі функцияларының бірі болып табылатынын айтты. Дегенмен, әр жылыту маусымы бір мәселенің бетін ашады.

Оның айтуынша, мемлекеттік органдар саланы қазіргі жағдайға жеткізген жүйелі қателер мен олқылықтардан сабақ алмай жатыр. Алматы 2-ЖЭО комбинатының құрылысы кешеуілдеп жатыр. «Он жылдан астам уақыт (2012 жылдан бастап) Екібастұз ГРЭС-1 энергоблогын қалпына келтіре алмадық. Екібастұз ГРЭС-2-де кеңейту және қайта құру жобасын уақытылы жүзеге асыруға қатысты мәселелер бар. Үкiметтiң басым мiндетi – биыл қызыл тәуекел аймағында орналасқан 19 жылу көзiн жаңғыртуды аяқтау. Сондай-ақ 700 мегаватттан астам қосымша генерацияны енгізуді қамтамасыз ету қажет. Енді кейінге қалдыруға болмайды», - деп тапсырды Мемлекет басшысы. Тұтастай алғанда, Президент елімізде электр, жылу және суды өндіру және тасымалдау бойынша қуат тапшылығы байқалып отырғанын мәлімдеді. Бұл Балқаш ЖЭО құрылысын аяқтаудан бас тарту, табиғи монополиялар субъектілерінің жұмысында ашықтық, сондай-ақ тарифтерді жасанды түрде тежеу сияқты үлкенді-кішілі көптеген қате есептеулердің салдары болды, - дейді Бибігүл Жексенбай.

Бізге бірнеше жүйелік элементтерді қамтитын саланы терең реформалау қажет.

Мемлекеттік қызметтердің тарифтеріне қатысты Қасым-Жомарт Тоқаев ресурстарды есепке алу және деректерді онлайн беру жүйесін енгізуді тапсырды. Оның айтуынша, тарифтердің көтерілуі тұтынушыларды мақсатты субсидиялаумен қатар жүруі керек. Бұл процесті барынша жеңілдету және автоматтандыру қажет. Үкімет елдің коммуналдық-энергетикалық инфрақұрылымын қалпына келтіру және дамыту бойынша егжей-тегжейлі шаралар кешенін әзірлеуі керек. Қалаларды абаттандыруға, олардың ластануымен күресуге әкімдер де белсене араласуы керек, - деп жазды Бибігүл Жексенбай.

Жаңалықтар

19 мамыр, жексенбі күні Шығыс Әзербайжанның Варзакан аймағындағы Тебриз қаласына ұшып бара жатып а...

Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрлігі тұқым қоймалары мен жылыжай кешендерін су басу фактілері туралы хабар...