«Анасы күдікке алынды»: Үш жасар Айя-Софияның өлімі жайлы тың деректер анықталды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қылмыс
284

Алматы облысының Күш ауылындағы 3 жасар қыз наурыз айында жоғалып кеткен болатын, деп хабарлады madeniportal.kz massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Қызды бірнеше ай іздеді, бірақ еш нәтиже болмады. Шілденің соңында полицейлер жоғалған балаға тиесілі болуы мүмкін сүйек қалдықтарын тапты.

 Алматы облысының Полиция департаменті қызды өлтірді деген күдікпен кім ұсталғанын мәлімдеді.

Шілде айында адам сүйектері табылған кезде полицейлер қылмысқа күдіктілердің ұсталғанын айтты, бірақ олардың кімдер екенін хабарламады. Қазір баланың анасы мен онымен бірге тұратын адамның ауыр қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынғаны белгілі болды.

«Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша істің мән-жайларын анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктілерге қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық істің тергеу нәтижелері бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданады», - делінген ПД жауабында.

Жаңалықтар

Облыстық ТЖД-ның мәлімдеуінше, қазіргі уақытта облыстың таулы аудандарында жағдай тұрақты, деп хабар...

Жаңалықтар

"ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасы Асхат Хасенов "Өзенмұнайгаз" компаниясындағы қазіргі жағдай туралы а...