ІІ халықаралық «ABISH ALEMI» театр фестивалі басталуына байланысты Нұрмұхан Жантө...
Қазақстан Атлант мұхиты жағалауындағы батыс Африка мемлекетімен визасыз режимге қол жеткізді
Фото: inbusiness.kz
Қазақстан мен Сьерра-Леоне дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мұндай келісімге БҰҰ Бас Ассамблеясы 79-сессиясының шеңберінде өткен кездесулер барысында қол қойылғанын мәлімдеді.
“Қазақстан мен Сьерра-Леоне дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды” делінген сыртқы істер ведомствосының ақпаратында.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БҰҰ Бас Ассамблеясы шеңберінде Ең аз дамыған елдер, теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер және шағын аралдық дамушы мемлекеттер мәселелері бойынша БҰҰ-ның Жоғары өкілі Рабаб Фатимамен де ездесу өткізді.