Қазақстанның халық әртісі Торғын Тасыбекова өмірден өтті, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі ala...
15 тәулік қамауда отырып шыққан бұзақыға белсенділер «тосын сый» жасады
Сурет: «Жаңа Адамдар» Жастар қозғалысы»
Астанада бұзақылық жасап 15 күнге уақытқа изоляторға қамалған ер адамды «жаңа адамдар» белсенділері күтіп алды, деп хабарлады madeniportal.kz.
11 қыркүйекте Астана тұрғыны Ибадулла П. мас күйде Ақжол даңғылындағы аялдаманы сындырған. Бұзақы ұсталып, 15 тәулікке қамауға алынған еді. 26 қыркүйекте оның бас бостандығынан айыру мерзімі бітті. Алайда Ибадулла П.-ны уақытша ұстау изоляторынан шыға берісте аялдама костюмін киген «жаңа адамдар» белсенділері қарсы алды. Олар бұзақыдан «сынған аялдааманың» алдында кешірім сұрауын талап етуге келген.
Мұндай күтіп алуды күтпеген құқық бұзушы басында өзін ақтап алғысы келгенімен, жағдайдың ушығып бара жатқанын түсініп, жүрексініп, әдеттегідей орнынан қашып кетті. Жаңа адамдар мұндай флешмоб қалалық инфрақұрылымды бұзғандар санын азайтып, жабайы әрекеттердің қайталанбаудың алдын алуға көмектеседі деп үміттенеді.
«ВандализмOFF» жобасының алғысөзі: қала инфрақұрылымының әр талқандалуы — барлық азаматтардың қалталарына соққы. Бір аялдаманың орташа құны шамамен 3 млн теңгені құрайды, бұл ақшаны бұзақылар шабуылынан кейінгі жөндеу жұмыстарына емес, қаланы дамытуға жұмсауға болар еді. Аялдамалар енді үнсіз қалмайды, олар әрбір сынған әйнек пен зақымдалған отырғышты «сұрайтын» болады.