«Күтті ме, күтпеді ме, білмеймін»: Айнұр Тұрсынбаева көмекшілеріне автокөлік сыйлады

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
719

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева өзімен бірге жұмыс істеп жүрген екі көмекшісін құрметтеп, оларға автокөлік сыйға бергенін желіде бөлісті, деп хабарлады madeniportal.kz Alash.KZ ұлттық порталына сілтеме жасап.

Айтыскер ақын ескі көлікпен жүрген ағасының баласы мен қайнысына су жаңа көліктің кілтін табыстап, көпшіліктің тілек жазуын өтінді.

 «Бауырларыңызды себепсіз қуанту сіздерге де жұғысты болсын! Командамызда қос қуаныш! Біржан, Шерхан су жаңа көліктерің құтты болсын! Игіліктеріңе мініңдер! Төменге тілек жаза кетіңіз. Екеуі де білмейді. Іштерінен сезіп келе жатпауы да мүмкін», – деп жазды айтыскер ақын.

 Сонымен қатар, Тұрсынбаева су жаңа көлік мінген азаматтардың жеке қуанышын парақшасында бөлісті:

 «Екеуі де ескі көлікпен командамыздың шаруасының бәріне шауып жүретін еді. Күтті ме, күтпеді ме, білмеймін. Екеуіне де салоннан су жаңа көлік әперіп жатырмыз», – деді желі жұлдызы.

Жаңалықтар

Иранда студент қыз көшеде киімін шешіп тастады, деп хабарлайды madeniportal.kz Sputnik.kz сайтына сі...

Жаңалықтар

Қостанай облысында жоғалған балықшы көл жағасында ұйықтап жатқан жерінен табылды, деп хабарлайды mad...