Павлодарда ерлі-зайыптыларға иіс тиіп, әйел адам оқиға орнында қайтыс болды

Фото: tengrinews.kz

Жаңалықтар
221

Павлодар облысында пешпен жылыту жүйесінің дұрыс істемеуінен ерлі-зайыптыларға иіс тиіп, 34 жастағы әйел адам оқиға орнында қайтыс болды. Бұл туралы Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Өңірлік ТЖД мәліметінше, Павлодар ауданы Черноярка ауылында пешпен жылытылатын жер үйде бір отбасы улы газдан уланып қалды. 34 жастағы әйел сол жерде көз жұмған. Ал күйеуі, 1984 жылғы ер адам ауыр дәрежедегі көміртегі тотығымен уланып, ауруханаға жатқызылды.

«Ерлі-зайыптылар көмір жағылатын пештің дұрыс істейтініне көз жеткізбеген сыңайлы. 1990 жылғы туған марқұм әйел екінші топ мүгедегі болған. Оларды иіс тиіп жатқан жерінен туыстары тауып алған», - делінген хабарламада.

Төтеншеліктер салқын уақытта пеш жағу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет екенін ескертеді. 

Жаңалықтар

Түркияның Ризе қаласында лай көшкіні жүрді, деп хабарлайды madeniportal.kz. ВВС мәліметінше, Чайели...

Жаңалықтар

Ақмола облысы Атбасар қаласындағы тұрғындар жаңа үйдің құрылысына сын тақты, деп хабарлайды mad...