ASTANA INDOOR MEET халықаралық турнирі өтеді

Жаңалықтар
209

Ертең  «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінде World Athletics Indoor Tour Gold 2024 аясында Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes халықаралық жеңіл атлетика турнирі өтеді. 

Бүгін, аталмыш доданың басталуына орай баспасөз мәслихаты өтті. Оған Қазақстан Республикасы Жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Кенжетайұлы Ахметов, Дүниежүзілік жеңіл атлетика өкілі Пирс Окаллахан, 2020 жылғы Олимпиада чемпионы және әлем рекордшысы Арманд Дуплантис, жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Надежда Дубовицкая қатысты. 

«Әлемдік турдың бөлігі болу, елордада Олимпиада чемпиондарын, әлем рекордшыларын және ең үздік спортшылардың басын қосу – үлкен қуаныш әрі жауапкершілік. Әрине, бұл старт отандық жеңіл атлетика үшін ғана емес, жалпы Қазақстан спорты үшін үлкен оқиға. Бүгінде жарысқа 45 елден 136 спортшы келді, оның ішінде 4 Олимпиада чемпионы, 10 әлем чемпионы, 3 Еуропа чемпионы, 1 Азия чемпионы және 2 әлем рекордшысы», - деді баспасөз жиынында сөз сөйлеген ҚР Жеңіл атлетика федерациясының президенті. 

Спикерлер Қазақстандағы жеңіл атлетиканың даму болашағы және алдағы турнирге дайындық туралы сұрақтарға жауап берді.

Еске сала кетейік, алтын деңгейлі кездесулер сериясы әлемнің 7 қаласында өтеді. 27 қаңтарда Астанада басталып, 23 ақпанда Мадридте аяқталады.

Астанада келесі дисциплиналар бойынша жарыстар өтеді:

Әйелдер: 400м, 60м, 1 миль, 60м кедергілер, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру.

Ерлер: 60 м, 60 м кедергілермен жүгіру, 3000 м, 400 м, сырықпен секіру, ядро лақтыру.

Жаңалықтар

“Банк ЦентрКредит” қызметкерлері тұтынушыға қазақ тілінде қызмет көрсетпеген видео тик-т...

Жаңалықтар

10 мамырда Қостанай облысы, Ұзынкөл ауылында өз үйінің ауласынан аудандық полиция бөлімі қызметкерін...