Бүгін Ақордада ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Әсет Исекешевтің төрағалығымен Қазақстан Республи...
Аспаз бешбармақты сынап тастады
Фото: ашық дереккөз
Ресейлік аспаз Сергей Кагилев қазақтың ұлттық тағамы бешбармақтың дәміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды madeniportal.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Аспаз Сергей Кагилев қазақтың ұлттық тағамы бешбармақтан алған әсерін бөлісті.
"Мен өмірімде бірінші рет бешбармақты жеп көрдім, шынымды айтсам, менде түсініксіз әсер қалдырды. Бір жағынан дәмді, иә, бірақ екінші жағынан, өте қарапайым тағам. Таңғаларлық ерекшеліктері жоқ, жай ғана жақсы сорпа, қайнатылған ет және қамыр", – дейді аспаз.
Сондай-ақ аспаз сиыр етінен жасалған бешбармақтың бюджеттік тағам емес екенін атап өтеді.
"Бір жағынан, өте қарапайым, етті 3 сағатқа пісуге қалдырып, ұмытып кетсең болғаны, бірақ екінші жағынан, қамырмен жұмыс істеу керек. Оны илеу және жаю өте көп энергияны талап етеді, ұнмен жұмыс істеу бәрі бірдей ұнай бермейді ", – дейді аспаз.