Бүгін елордада «АУЫЛ» партиясы мен «Мәдениет порталының» ұйымдастыруыме...
Қызылордада бір мезгілде 20 оқушы ауруханаға түсті
Ашық дереккөзден алынған
852
Қызылорда мектептерінің бірінде бұрыш спрейінен уланған 20-дан астам оқушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды madeniportal.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше 3 қазан күні қаладағы мектептердің бірінде оқушы бұрыш спрейін шашып, соның әсерінен 20-дан астам оқушы өздерін жайсыз сезініп, ауруханаға түскен. Олардың барлығы іші және тамағы ауырып, жүректері айнып, ауыздарынан жағымсыз иіс шыққанын айтқан. Балалардың жастары 7 мен 12 жас аралығында.
«Бұрыш спрейін қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген полиция хабарламасында.