Мемлекет басшысы Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Жаңалықтар
158

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Ибрахим Раиси мен ирандықтарды төл мерекесі – Ислам революциясы күнімен құттықтады, деп хабарлайды madeniportal.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: aqorda_resmi

«Бүгінде Иран саяси тұғыры берік, экономикасы тұрақты дамыған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Ұлт бірлігі мен ынтымағын ту еткен мемлекетіңіз Сіздің басшылығыңызбен алдағы уақытта да игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін. Иран – біздің Каспий аймағындағы маңызды серіктесіміздің бірі. Осыған орай дәстүрлі достық пен мазмұнды саяси диалогқа негізделген ықпалдастығымыз өзара тиімді сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығымызды нығайтуға берік арқау бола беретініне кәміл сенемін», деген Қ.Тоқаев  Иран халқына ынтымақ, құт береке тілеп, Ибрахим Раисидің жауапты қызметіне толағай табыс тіледі.

Жаңалықтар

19 мамыр, жексенбі күні Шығыс Әзербайжанның Варзакан аймағындағы Тебриз қаласына ұшып бара жатып а...

Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрлігі тұқым қоймалары мен жылыжай кешендерін су басу фактілері туралы хабар...