Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында «...
«Қазақстанның құрметті азаматы» атағы 100 мың теңгеге сатылады – Депутат
582
Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай елде мән-мағынасы жоқ орден-медальдары, арзан атақ пен атақ сатқыштар көбейіп бара жатқанын айтып, Үкіметке сауал жолдады,-деп хабарлайды madeniportal.kz.
«Сіз 50 мың теңгеге пысықай ұйымның атынан «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» медаліне, ал 100 мың теңгеге «Қазақстанның құрметті азаматы» атағына ие боласыз. Сан ғасырлық елдік тарихымызда «Ұлт ұстазы» деп халық ұсынған сәулелі сөзді қастерлеп Ахмет Байтұрсынұлына ғана қолданатын едік, қазір «Ұлт ұстазы» деген атақты бар болғаны 10 мың теңгеге сатып ала саласыз», - дейді ол Мәжілістің жалпы отырысында.
Мәжіліс депутаты Мемлекеттік рәміздерді ретсіз қолданып, жалған атақ сатып пайда табатындардың әрекетіне құқықтық негізде тыйым салу керетігін айтты.