Мектептерде жаңажылдық іс-шаралар өтпейді – министрлік

Жаңалықтар
1740

Мектептерде мерекелік шаралар өтпейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мектепке барып оқып жүрген оқушылар үшін мектепте жаңажылдық мерекелік шаралар өтпейді», - дейді Айжан Есмағамбетова. Сондай-ақ, ол 1 және 16 желтоқсандағы мереке күндері қосымша карантиндік шектеулер болатын-болмайтынын айтты. «Қосымша шектеу шаралары соңғы екі аптада ауырғандар санының өсуіне байланысты қабылданды. Осы уақыттағы біздің мақсат – карантин талаптарын орындау. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, әзірге қосымша карантин шаралары қабылданбайды. Мұндай шаралар әр өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады. Ал жағдайдың қалай болатыны біздің әрқайсысымызға байланысты», - дейді ол.

Жаңалықтар

Абай облысында әскери қызметкерді өлтіру ісі бойынша сот үкімі шықты. Үржар аудандық қорғаныс істері...

Жаңалықтар

Биліктегі «Грузин арманы – демократиялық Грузия» партиясының кандидаты, парламен...