Референдумда дауыс бергендер саны 51 пайыздан асты

Фото: Орталық референдум учаскесі

Жаңалықтар
285

Орталық референдум комиссиясы сағат 14.00-дегі жағдай бойынша учаскелерге келіп, дауыс берген қазақстандықтардың санын жариялады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

«2024 жылғы 6 қазандағы сағат 14.00-дегі жағдай бойынша 6 339 425 азамат бюллетень алды. Бұл 51,77 пайызды құрайды. «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 31 – бабы 2 – тармағына сәйкес егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбi дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткiзiлген деп саналады», - деді ОРК мүшесі Сабила Мұстафина.

Өңірлер бойынша дауыс бергендер саны:

1. Абай облысы бойынша – 52,99 %

2. Ақмола облысы бойынша – 54,91%

3. Ақтөбе облысы бойынша – 52,85 %

4. Алматы облысы бойынша – 59,32%

5. Атырау облысы бойынша – 52,91%

6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 50,52%

7. Жамбыл облысы бойынша – 48,80 %

8. Жетісу облысы бойынша – 55,42%

9. Қарағанды облысы бойынша – 59,92 %

10. Қостанай облысы бойынша – 61,54 %

11. Қызылорда облысы бойынша – 54,13%

12. Маңғыстау облысы бойынша – 46,19%

13. Павлодар облысы бойынша – 49,18%

14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 48,00%

15. Түркістан облысы бойынша – 67,38%

16. Ұлытау облысы бойынша -59,65%

17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 61,73%

18. Астана қаласы бойынша – 45,19%

19. Алматы қаласы бойынша – 16,91%

20. Шымкент қаласы бойынша – 64,38%.

Келесі жедел ақпарат сағат 16.05-те беріледі.

Референдум учаскелері кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді. 

Жаңалықтар

Жаңа адамдар Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті деканының қызметтен босатылуын...

Жаңалықтар

Оқиға Есет батыр шағын ауданында болған. Ойын баласының аулаға жүгіріп шығып, көлік астына түскен сә...