«Әскери тікұшақтар жіберілді»: Павлодардағы өртке Әуе қорғаныс күштері көмекке келді

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2094

Әуе қорғанысы күштерінің әскери ұшқыштары өрт сөндіруге жұмылдырылды, деп хабарлады madeniportal.kz Қорғаныс министрілігіне сілтеме жасап.

«Павлодар облысының Желтау ауылында болған ірі өртті сөндіру үшін Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелеріне Әуе қорғанысы күштерінің әскери ұшқыштары көмекке келді. Аспалы су төгетін цистерналарды пайдалана отырып, Ми-17 бортының экипажы тәулік ішінде шамамен 36 тонна су тастады. Бұл шаралар жетуі қиын аймақтарда өрттің таралуын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 6 қазан күні Баянауылда жер өртеніп, бір ауылдың тұрғындары қауіпсіз аумаққа көшірілді.

MADENI TV

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылдың басынан бастап Қазақстанда көпбалалы от...

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ

13 наурызда Баку қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», үшінші дәр...