"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2024 жылдың 8, 9 және 10 қазанына арналған ауа райы болжамын жариялад...
Ыстамбұлда түркі суретшілерінің көрмесі өтті
845
23 маусым мен 3 шілде аралығында түркі суретшілерінің көрмесі Ыстамбұл қаласында өтті. Аталмыш к-рмеге Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан елдерінің суретшілері қатысты деп хабарлайды Мәдениет порталы egemen.kz сілтеме жасап. Әзербайжан суретшісі Сакыт Маммадовтың кураторлығымен өткен жиында Түркияның жас суретшілеріне шеберлік сағаттарын өткізіп, галереяда көрме болып өткен. Мәдени іс-шараға Қазақстаннан барған суретші Сембіғали Смағұл «Ай ұстаған абадан» қасқыр мүсінін алып барған. Көрермендердің ерекше назарына іліккен өнер туындысы қала мэрі Икрам Имамоғлұның ұсынысымен Ыстамбұлдың көрікті бір жеріне қойылмақ. Қазақстандық суретшінің айтуынша, аузына Ай тістеген қасқыр мүсін түркі халықтарының қайта жаңғыруының символы ретінде жасалған. «Түркі халықтары тотемінің бірі қасқыр көп символдарда Айға қарап ұлып тұрады. Жалпы, шығармашылық адамдары яки билік өкілдері қоғамда бір өзгерістер жасап отырады. Мысалы, мен мұнда қасқырдың Айға қарап ұлымай, сол Айды ұстаған заман келетінін меңзедім. Бұл ғасырда түркі халықтарының басы бірігіп, бірлігі артады деп сенемін. Түркияда өткен көрме де барша түркі халықтарына ортақ мәдениеттің қалыптасуына ықпал етіп отыр», дейді С.Смағұл. Айта кетейік, қала мэрі әр қатысушының бір-бір жұмысын өз музейіне сатып алған. Оған қоса түркиялық кәсіпкерлерді көрмеге шақырып, туындылардың сатылуына ықпал еткен.