«Нұр-Мұқасан» тобының солисіне тергеу басталды

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
527

Кеше әлеуметтік желілерде отандық танымал «Нұр-Мұқасан» тобының музыканттары арасында жанжал туындағаны туралы ақпарат тараған еді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Топтың жаңа мүшесі, әнші Ғалымжан, топтың солисі Мұқасан Шахзадаев пен оның достары өзін ұрды деп мәлімдеген. Айтылған ақпарат бойынша, Ғалымжанның қолы мен мұрны сынған. Жанжалдың себебі – рұқсатсыз ән жазу болған деп хабарланды.

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми түсініктеме беріп, полицияға шағым түскенін растады:

«2024 жылдың 22 қарашасында Наурызбай аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын азамат М. және өзге де бірнеше тұлғалардың тарапынан оған дене жарақатын салу дерегі бойынша арызбен жүгінді. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу объективтілікті, толықтықты және жан-жақтылықты қамтамасыз ету қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылуда. Тергеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданады», – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

АЙМАҚТАР

Синоптиктер 2026 жылғы 15 наурызға арналған шұғыл мәлімдеме жасады. Еліміздің басым бөлігінде көктай...

ЖАҢАЛЫҚТАР

14 наурызға қараған түні Ақтауда отшашудың арты өртке ұласты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Бұл о...