20 адам түн ортасында жолда қалған

Фото: ТЖМ

Жаңалықтар
172

Жолаушы тасымалдайтын "Астана – Шымкент" бағытындағы автобус Қарағанды облысы аумағынан өтіп бара жатқанда қозғалтқышынан ақау шығып, сапарын жалғастыра алмай қалған, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Жолаушылар түн ортасында жолда қалған.

ТЖМ министрлігінің мәліметінше, Қарағанды құтқарушылары 20 жолаушыны эвакуациялаған.

“Түн ортасында 112 пультіне автобус жүргізушісінен "Астана – Шымкент" жүру жолында қозғалтқыштың ақаулары анықталғаны және ол қозғалысты жалғастыра алмайтыны туралы хабарлама келіп түсті. 

Қарағанды облысы ТЖД дереу шақыру орнына ТЖМ жеке құрамын тасымалдауына арналған автокөлік жіберді. Арнайы техникада жылынып алған ішінде бір бала 20 жолаушы тасымалдаушы ұйымының резервтік автобусы келгенге дейін жол бойындағы кафеге эвакуацияланды” делінген хабарламада. 

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...