Өртенген көліктен табылған мәйіт: Талдықорғанда күдікті қолға түсті

Фото: freepik.com

Жаңалықтар
372

Талдықорғанда із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам бір күннен кейін өртенген көліктің ішінен өлі табылған, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 37 жастағы ер адам күдікті ретінде қамалды.

"Полициямен бұрын хабар-ошарсыз кеткен облыс орталығының тұрғынын өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында, Талдықорған қаласының аумағындағы жолдың бойында жоғалған адамға тиесілі автокөлік табылды. Жиналған заттай дәлелдемелердің негізінде жедел-уәкілдер қылмыс жасағанын мойындаған 37 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Күдікті азамат қамауға алынды",  - делінген хабарламада.

Жаңалықтар

Әйгілі бизнесмен, инженер, миллиардер Илон Масктың анасы Мэй Маск Қазақстанға келген кездегі сезімім...

Жаңалықтар

Ақмола облысында әпкесі анасынан қалған мұраны інісімен бөліскісі келмей, жасырын құжат дайындаған,...