Министр сағатының неше теңге тұратынын білмейді

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Жаңалықтар
1100

Қазақстанда жалақының аздығына налыған құтқарушылар «біздің жалақымыз аз болса да, төтенше жағдайлар министрінің қолындағы сағаты 2 млн теңге тұрады» деген мағынада мәлімдеме жасаған, деп жазады madeniportal.kz тілшісі sn.kz сілтеме жасай отырып.

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов журналистердің сұрағына жауап беруден қашқақтап, қолындағы сағатының неше теңге екенін айтпай қойды.

Сұрақ қойған журналистің айтуынша, Қазақстанда жалақының аздығына налыған құтқарушылар «біздің жалақымыз аз болса да, төтенше жағдайлар министрінің қолындағы сағаты 2 млн теңге тұрады» деген мағынада мәлімдеме жасаған. Осыған байланысты «сағатыңыздың құны неше теңге?» деген нақты сұраққа Шыңғыс Әрінов нақты жауап бере алған жоқ.

«Сағатымның құны 2 млн теңге емес...сыйлыққа алғамын, қарапайым сағат. Неше теңге тұратынын білмеймін, бірақ, нақты 2 млн теңге емес», - деді ол.

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...