Технологиялық прогресс экологиялық жағдайдың нашарлауына әкеледі. Өзге елдерде ғана емес, біздің елі...
Не иманды, не заңды күшейту керек
Фото: dalanews
Қыршыннан кетіп жатқан балалардың өліміне кінәлілерге халық әділ жаза берілуін талап етуде, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Соңғы болып жатқан оқиғалар халықты есеңгіретіп тастады. Бір қаралы хабарды естіп, көмектесейік деп жатқанда, бірінен соң бірі жалғасып кетті. Қыршын кетіп жатқан жас балалар…
Халықтың көкейінде туындаған сұрақ көп. Неге бұлай болып жатыр? Неге жастар осыншалықты қатыгез болып бара жатыр? Кінәлілер мен қылмыскерлер лайықты жазасын ала ма?
Жасөспірімдердің өлімі туралы естігенде адамның өміріне бір тағдыр ретінде емес, жәй зат секілді қарайтын қылмыскерлердің әрекеті қатты шошытады. Олар да бір ананың баласы, олардың да бауырлары бар. Бірақ, неге өзгеге жауыздық жасап, өлімші етіп сабау, ақыры дегеніне жетіп өлтіру олардың, яғни аяусыз адам өлтіріп жатқандардың намысын қайрап, менмендігін толықтыратын жағдайға жеткен.
Шерзаттың оқиғасы барлығын алаңлатып отырғаны белгілі. Ал, осы бассыздықты жасағандардың уақытша ұстау изоляторында құрметті қонақ секілді қазы жеп отырулары, олардың “адам өмірін, жас баланың өмірін қидық-ау” деген өкініш туралы тіпті ойламайтындарын, жасаған жауыздықтары өздері үшін қалыпты жағдай секілді ештеңеден қаймықпайтындарын аңғартады.
Әлеуметтік желі қолданушылары осы оқиғаларға қатысты түрлі пікірлер қалдыруда. Әрине, барлығы да қылмыскерлердің жазалануын, әділдік болуын сұрауда. Қаскөйлердің ісіне айтар сөздері қалмаған халық “Не иманды, не заңды күшейту керек” деп те жазған.
Адамдықтан безіп, анасының көз алдында, ағасының кеудесінде жатқан жас баланы қуалап жүріп өлтіру Алланы ұмытып, хайуандық жасаудың көрінісі. Ал, осы іске қатысы бар адамдардың әлі де болса түгел қамауға алынбауы, марқұм Шерзаттың ата-анасының үйінің өртеніп кетуі, бар видеоның аяқ асты жоқ болуы әділ шешім шығаратын заңның құзырында.
Жүректегі иманды да, шарасыз қалғанда сенетін, жүгінетін еліміздің заңын да күшейтіп, мұндай бассыздықтардың болмауын халық әр сөзінде айтып, әр пікірде жазып қалдыруда.