«Мырзекең жарығын сөндіріп, есігін жауып кеткен»: Бақыт Сәрсекбаев қазақ боксының жаңарғанын қалайды

Ашық дереккөзден алынған

Пікір
1527

Бокстан Бейжің Олипиадасының жеңімпазы Бақыт Сәрсекбаев өзін бокстан ұлттық құрама бас бапкері қызметіне лайық көретін жанкүйерлеріне алғыс білдірді, деп хабарлады madeniportal.kz.

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Ағайын, мені қолдап, бокс басшылығына шақырып жатқандарыңызға үлкен рахмет! Мен бокс туралы жазсам біреудің орнын тартып алайын деп жатыр деп ойбайлайтын хейтерларыма да рахмет! Жазғаным жазған, қоймаймын айта беремін! Қазақ боксы басшысыз қалмас, Айтжанов кетсе Сатжанов келер... 

Дәл қазір бокс тізгінін алуға кім келсе де, ол кісіге оңай болмасы анық. Мырзекең жарығын сөндіріп, есігін жауып кеткен боксты қайта жандандыруға өте көп күш қажет. Жаңа команда жасақтап, ескі қалдықтардан құтылу да оңай емес. Не де болса қажымас қайрат, үлкен сәттілік тілейік жаңа басшыға!», - деп жазды ол.

Жаңалықтар

Жаңа адамдар Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті деканының қызметтен босатылуын...

Жаңалықтар

Оқиға Есет батыр шағын ауданында болған. Ойын баласының аулаға жүгіріп шығып, көлік астына түскен сә...