Ақын Нағашыбай Мұқатов өмірден озды

ашық дереккөзден алынған

Қоғам
203

Белгілі ақын, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нағашыбай Мұқатов дүние салды, деп хабарлады madeniportal.kz Қостанай таңы басылымына сілтеме жасап.

       Нағашыбай Оразбайұлы Қостанай облысы Жанкелдин ауданына қарасты Торғай селосында 1949 жылдың 15 наурызында туған. Осы аудандағы Аралбай ауылында Жанкелдин атындағы орта мектепті бітірген. Жоғары сыныпта оқып жүргенде жергілікті баспасөзге мақала, өлең жазған. 1967 жылы орта мектепті бітірген соң Жанкелдин аудандық «Жаңа өмір» газетінде қызмет істеген.

      Аудандық, облыстық ақындар айтысына бірнеше мәрте қатысып, жеңімпаз атанған. 1968–1970 жылдар аралығында Мари АССР–і Йошкар-Ола қаласында азаматтық борышын өтеген.

      Нағашыбай Мұқатов Алматы қаласындағы Әл–Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің түлегі. Ол Қазақстан радиосы және теледидары саласында 40 жылға жуық қызмет еткен. Байырғы Торғай, Қостанай облыстық радиолары редакциасында журналистік қызмет атқарған. «Қазақстан–Қостанай» телерадио компаниясында 1990 жылдары қазақ редакциясын, «Шаңырақ» шығармашылық бірлестігін басқарған. Жеңістің 40 жылдығына, ұлы ақын А. Құнанбаевтың 150 жылдығына, «Жүректен–жүрекке» деп аталатын республикалық теледидар хабарлары фестиваліде үш мәрте жүлдегер болған. Қазақ радиосының Торғай облысындағы меншікті тілшісі болып жұмысын істей жүріп, ел өмірін кеңінен насихаттаған.

      Оның әртүрлі баспадан «Сөйле, жүрек» (өлеңдер) «Айналайын адамдар» (өлеңдер), «Жалған дүние» (өлеңдер), «Ақ бұлақ» (арнау өлеңдері), «Жанымның жасыл жапырақтары» (өлеңдер мен поэмалар), «Жұлдызды адам» (поэма), «Ой отауда оңаша», «Көкірек көзбен көргендерім» (ой-толғамдар), «Бейсенбай-биік» және басқа да туындылары қалың оқырманға жақсы таныс.

      Қаламгер «Кеңес Одағы теледидары мен радиосы қызметінің үздігі» белгісі, Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісі, «Астанаға 10 жыл» медалімен марапатталған. Қостанай облыстық меценаттар клубы тағайындаған «Қазына» сыйлығының төрт мәрте иегері.

Марқұмның туыс-туғандарына қайғырып көңіл айтамыз! Алла алдынан жарылқап, жаны жәннат төрінде дамылдасын

Жаңалықтар

Ақын Тоқтарәлі Таңжарық ақын әрі журналист Серік Боқанның көз жұмғанын айтты, деп хабарлайды madenip...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желіде подполковник пен хуторлық Хасанның бірге түскен суреті тарады, деп хабарлайды made...