Fly Arystan Мақпал Жүнісованы ұшаққа домбырамен кіруге рұқсат бермей қойған (видео)

Қоғам
617

Танымал әнші Мақпал Жүнісова FlyArystan ұшағының бортына домбырасымен кіргізбей қойғанын хабарлады madeniportal.kz.

Оқиға кеше Алматы әуежайында болған.

«Мен әуежайда отырмын. Менің домбырам мен бас киімімді багажыма кіргізбейді. Олар чемоданға бәрін салыңыз дейді, бірақ ол оған сыймайды. Мен FlyArystan ұшағымен ұшқалы отырмын», – деді әнші.

Кейін белгілі болғандай Мақпал Жүнісова бас киімімен домбырасы үшін жолаушылар орнына 65 мың теңгеге билет алуына тура келген.

«65 мың теңгеге домбыра мен бас киімге бөлек орын алдық. Құрметті Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы, біздің қазақтың домбырасымен ұшаққа жібермейді, солай болып жатыр. Енді гастрольдік сапарға шықпаймын», – деді әнші.

Еске сала кетейік бұған дейін айтыскер ақын Айшолпан Тілеутайды Fly Arystan ұшағына домбырамен кіргізбей қойған еді.

Сондай-ақ  мәжіліс депутаты Ринат Зайытов индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне еліміздегі  әуе компаниялары домбыраға байланысты әдейі жоспарланған қарсылық жүріп жатқанын айтып, сынға алған еді.

Алайда депутаттың сынын FlyArystan ұшағының басшылығы ескермейтін сыңайлы.

Спорт

Қазақстандық зілтемірші Артем Антропов ауыр атлетикадан Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан әлем...

Жаңалықтар

Семейде 22  жастағы жігітті азаптап өлтірген тұрғын сотталды. Судья қанды қылмысты жасады деген...