Жақында Қостанай облысының бас имамы сыра ішіп, көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамалған еді. Осыд...
Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Кеген Ахметұлы Тұрсынбаев төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады madeniportal.kz ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1971 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ленин комсомолы атындағы екі мәрте Қызыл Тулы Рязань жоғары әуе десанттық командалық училищесін, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
Әр жылдары ҚР Республикалық ұланы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарында қызмет еткен.
2020-2021 жылдары Шығыс Қазақстан облысы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.
2021-2022 жылдары — ҚР Президенті Іс басқармасының бөлім бастығы.
2022-2024 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды.
2024 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы.