«Мен әр концертімде көрермен алдында емтихан тапсырғандай боламын. Онда жанкүйерлерімді алдауғ...
Журналист Инга Иманбай сарбаз Ербаянның денсаулығы туралы айтты
Фото: ulysmedia
Әскерге өз аяғымен барып жарымжан болып қалған Ербаян Мұхтардың қорғаушысы, журналист Инга Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында сарбаздың денсаулығы туралы айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kzтілшісіне сілтеме жасап.
Пікірде, жекеде Ербаянның жағдайын сұрап, хабарласып жатқан ағайынға мың алғыс. Қазір Ербаянның жағдайы бірқалыпты, Стамбұлда емін жалғастырып жатыр. Бірінші тұрған фото бүгін жасалды. Екінші фото Стамбулға келген кезде басына жасалған отадан кейінгі кезі. Құдайға шүкір ота сәтті жасалып, енді реабилитациялық ем-шара, ЛФК процедуралары басталды. Қалпына келу уақытты және біраз шыдамды талап етеді. Оған дайынбыз. Әрі қарай Ербаянның жігері мен дәрігерлердің кәсібилігіне сенеміз. Ербаянымызды іздеп, сұрап, ниеттес болғандарыңызға мың алғыс. Қазірге жаңалығымыз осы. Айтарлықтай өзгеріс, жақсы жаңалығымыз болса міндетті түрде Сіздермен бөлісеміз, – деп жазды ол.