Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлық щығарды

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

ТАҒАЙЫНДАУ
1207

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше елшілікте тағайындау жүргізді, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі qaz365.kz сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Бұл қызметті атқарған Жәнібек Жарасқанұлы Әбдрашов Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен Искандер Жүсіпұлы Айсариев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымынан босатылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада бір күнде төрт бүлдіршін көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, олардың екеуі – қа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада өтіп жатқан ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақст...