Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Үкі...
Сәтбаев қаласына қарайтын Жезқазған кенті таратылатын болды
Фото: istockphoto.com
414
Сәтбаев қаласына қарайтын Жезқазған кенті таратылатын болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Ұлытау облысы әкімдігінің қаулысы мен облыс мәслихаты шешіміне сәйкес, өңірде Сәтбаев қаласына қарайтын Жезқазған кенті таратылады. Кент Сәтбаев қаласына әкімшілік-аумақтық бағынышты болып, кейіннен есептік деректерден алынады.
Жезқазған кентінің тарауына Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының өкілді және атқарушы органдарының ұсыныстары негіз болған.
Жезқазған кенті Сәтбаев қаласының оңтүстік батысында орналасқан. Облыс орталығы Жезқазған қаласынан солтүстік батысқа қарай 25 шақырым жерде. Елді мекен тарихы 1907 жылдан басталады, ал кент болып 1937 жылы бекіген. Кентте 8 мыңнан астам адам тұрады.