Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінде өткен отырысында Қанат Бозымбаевты...
Қостанайда түнгі клубта төбелес болып, 1 адам көз жұмды
Фото: видеодан скриншот
162
Қостанай облысының Лисаковск қаласындағы түнгі клубтардың бірінде екі ер адам сөзге келіп қалып, соққының астында қалған жәбірленуші есін жимаған, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Желіде тараған видеодан күдіктінің қарсыласын көтеріп, еденге лақтырғанын байқауға болады. Содан кейін бетінен бірнеше рет ұрған.
Полиция мәліметінше, оқиға 11 қазанда болған. Ал 41 жастағы ер адам 15 қазанға қараған түні ауруханада көз жұмған.
22 жастағы күдікті қамауға алынды. Іс Қылмыстық кодекстің 106-бабы («Адам денсаулығына ауыр зиян келтіру, абайсызда зардап шегушінің өліміне әкеп соғу») бойынша қаралып жатыр.