Мәжіліс Қанат Бозымбаевтың Энергетика министрі болып тағайындалуына келісім берді

ЖАҢАЛЫҚТАР
1988

Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінде өткен отырысында Қанат Бозымбаевтың кандидатурасы ҚР Энергетика министрі лауазымына тағайындауға келісілді.



Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.  

«Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 22-1 бабына сәйкес аталған мәселе Комитет отырысында қарастырылды.  

Қазақстан Үкімет басшысының тапсырмасымен Қанат Бозымбаевтың кандидатурасын ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің басшысы Нұрлан Алдабергенов таныстырды.


inform.kz


ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодар облысында қатты желден құрылыс краны бесқабатты үйге құлаған, деп хабарлайды MADENIPOR...

ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ соққы жасаған Ирандағы Фордо ядролық орталығының спутниктен түсірілген суреттері жарияланды, д...