Астанада бойжеткен 24 қабаттан құлап көз жұмды

Фото: t.me/Криминальный Казахстан

Жаңалықтар
66

Астанада 22 жастағы бойжеткен «Highvill Astana» тұрғын үй кешенінің 24-қабатынан секіріп кетті, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Оқыс оқиғаға байланысты Полиция департаменті түсініктеме берді.

«18 қазан күні сағат 13:23-те Алматы аудандық полиция басқармасына кіреберістің жанынан қыз баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция келгеннен кейін көз жұмған 22 жастағы адамның жеке басы анықталды. Болжам бойынша, марқұм тұрғын үйдің 24-қабатынан секіріп кеткен. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Астана ПД. 

Жаңалықтар

Жер сілкіністері бір-біріне жақын жеті сағаттық айырмашылықпен тіркелді, деп хабарлайды madeniportal...

Жаңалықтар

Қырғызстанда таудағы қар көшкінінен алты адам көз жұмды, деп хабарлайды madeniportal.kz El.kz а...