Ақмолада айыппұлын төлеуге қызметкерлерінен ақша жинап келген балабақша директоры жұмысынан босатылды

Фото: hantengrigazeti.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1897

Ақмола облысындағы балабақша директоры өзінің айыппұлын төлеу үшін қызметкерлерінен ақша жинап келгені белгілі болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.  

Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы хабарлады. Прокуратура тексеріс жүргізіп, Ақмола облысындағы балабақшаларда түрлі бағыттағы 300-ден астам заң бұзушылықтар анықтады. 

Сондай балабақшалардың бірінде қызметкер мас күйінде жүргені анықталды. Тағы бір жағдайда балабақша директоры өз айыппұлын төлеу үшін қарамағындағылардан ақша жинап келген. Қазір директор қызметінен босатылды.

«Тексеріс барсында 3 балабақшада 15 жұмысшының жалған медициналық картасы бар екені анықталды. 12 мектепке дейінгі ұйымда ішек таяқшасы бактериялары табылды. Сондай-ақ, 19 мектепке дейінгі білім беру мекемесінде тамақтану нормалары санитарлық нормаларға сәйкес келмеді», — деді  Ақмола облысының прокуратурасы. 

Шоу-бизнес

Актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы экс-күйеуінің үстінен рес...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда ер адам адам зейнеткерді өлтірген соң қашамын деп полиция ғимаратына барып тығылған, деп хаб...