«Мәдениет порталы» үздік интернет-басылым атанды

Жаңалықтар
2292

Бүгін «Үздік қазақтілді интернет-сайт сыйлығы» байқауы қорытындыланып, жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды «Мәдениет порталының» тілшісі. Марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұлан, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев, сонымен қатар қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Ең үздік қазақтілді интернет сайт байқауы 2016 жылдан бастап дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биыл республиканың әр аймағынан 30-ға жуық үміткер үздік сайт атағы үшін бақ сынасты. Жеңімпаздар 9 номинация бойынша анықталды.

Марапаттау рәсімінің ашылуында сөз алған Әлкей Марғұланұлының айтуынша, байқауға деген қызығушылық жылдан-жылға артып келе жатқан көрінеді. 

Күн өткен сайын, жыл өткен сайын ана тіліміз – қазақ тілінің өресі кеңейіп, тынысы ашылып келе жатыр. Қазақ тілі руханият, мәдениет, өнер саласында ғана емес, сонымен қатар, біртіндеп ғылымның, озық технологияның тіліне айналып келеді. Соны халыққа жеткізуде, сауатты түрде жүзеге асыруда электронды БАҚ-тың алатын орны өте зор. Елбасы қоры сол өзектілікті түсіне отырып, мемлекеттік тілдің дамуын, оның ішінде интернеттегі  дамуын қолдауды жалғастыра береді және қазақ тілді сайттардың қызметін ынталандыра береді», – деп атап өтті ол.

Айта кетейік, «Мәдениет порталы» бұл байқауда «Рухани азық» аталымы бойынша ең  үздік деп танылды.

Сонымен қатар, qalamger.kz, dasturkb.kz, Arasha.kz, qsport.kz, ozattar.kz, balbal.kz, imektep.kz,  kinostan.kz сайттары да түрлі атылымдар бойынша жүлдегер болды.

Байқау жеңімпаздары ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Қорының дипломымен,  385 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Тұңғыш Президенті Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұлан электронды ақпараттық кеңістіктегі мемлекеттік тілдің дамуына өз үлестерін қосып, аудиторияны қазақ тілінде ақпараттандыратын отандық сайттардың рөлін ерекше атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін өткізілген үш байқаудың қорытындысы бойынша республиканың 25 қазақтілді сайты жеңімпаз атанып, ақшалай сыйлыққа ие болған.


madeniportal.kz


Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...