Елімізде 1 тоннадан астам есірткі тәркіленді

Фото: freepik.com

Жаңалықтар
217

Заңсыз айналымнан 1 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Оныңішінде 774 кг героин, 155 кг марихуана, 37 кг гашиш және гашиш майы, 34 кг көкнәр, сондай-ақ 1 кг синтетикалық есірткі бар.

Тәркіленген заттардың «қара нарықтағы» құны 7 миллиард теңгеден астам деп бағаланып отыр. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, көлік прокуратурасы және басқа да құқық қорғау органдары есірткі бизнесіне қарсы күресті, шекарада жүктер мен пошта жөнелтілімдерін бақылауды күшейтті, шетелден елімізге есірткінің заңсыз әкелінуін болдырмау мақсатында шаралар қабылдады”, — делінген хабарламада.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...