Танымал әнші Төреғали Төреәлі Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовті қалай қолдағанын айтты, д...
Алтынай Жорабаева онлайн концерттен неге бас тартты?
3844
Астана күніне орай онлайн концерт өткіземін деп хабарландыру жасаған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаеваны оқырмандары кінәлай бастаған. Әнші енді концерт өткізуден бас тартқанын айтты.
Күнде қаншама адам қайтыс болып жатыр. Бәрімізге ауыр. Бірақ тірі адам тіршілігін жасайды. Өлгенмен, өлмек жоқ. Алланың қалауымен ажалым келсе, мен де өлемін. Такси "таксовать" етіп жүр, саудагер сатып жатыр. Әркім өз кәсібімен айналысып жатыр. Адам өлді деп ештеңе тоқтап тұрған жоқ, - дейді Алтынай Жорабаева.
Оның бұлай ашуға ерік беруіне ертеңгі Астана күніне жоспарланған концерті өтпейтін болған. Себебі, концерт өткізетінін естігенде халық кінәлай бастаған.
Жұмысым филармонияда болғандықтан, басшылық онлайн концерт өткіз деп айтты. Мен де айлық алып отырған соң, жұмыс істейін деп едім. Жұмыс орныма бағынамын. Елдің Үкіметке өкпелі екенін білемін, түсінемін. Әділетсіздікке менің де ішім ашиды. Менің де қамқорымда қаншама жан бар. Садақаны айтпай берген абзал! Бірақ мен қайсыбіріне жетемін. Қолымнан келгенше оқырмандарымның көңілін көтергім келеді. Байқаулар өткізіп, демеушілердің жұмысының жүруіне себепші болғым келеді. Жария садақа жасап, ақша таратсам, оған да кінәлап жатқандар жеткілікті. Ешкімнің ақысын жеп отырған жоқпын. Жесем, желкемнен шықсын. Ертеңге белгіленген концертті қоймайтын болып шештім. Себебі, елдегі болып жатқан жұмыссыздыққа, кезіп жүрген ауруға да мен кінәлі сияқтымын. Жөнсіз балағат, қарғыстар оқыдым. Енді концертті өткізбейтінім үшін басшылықтан сөгіс аламын, - деді әнші.
BAQ.KZ
Фото: ашық дереккөз