Маңғыстауда жасырын камералар жабайы құстарды түсіріп алған (ФОТО)

сурет: lada.kz

Жаңалықтар
28

Маңғыстаудағы Адамас қорығының аумағындағы фототұзақтар жабайы құстарды тіркеген, деп хабарлады madeniportal.kz lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Камера объективіне түскен құстардың арасында пеликандар, аққулар, қызғылт қоқиқаздар, үйректер, үкілер бар.

«Қызылсай» мемлекеттік Республикалық паркінің директоры Мыңберген Қаратауов қорық аумағында орнатылған камералардан фото және видео жариялаған.