«ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАҒЗЫМ»: Жазушылар одағы ақындар мүшәйрасын ұйымдастырады

ӘДЕБИЕТ
4602

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жазушылар одағы өз жанынан құрылған «Қазақ әдебиетінің меценаты» қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылатын «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАҒЗЫМ» атты республикалық жыр мүшәйрасын жариялайды. 

МҮШӘЙРАНЫҢ МАҚСАТЫ:

Еліміздің тәуелсіздігін дәріптеу, тарих тағылымдарына тағзым ету, Ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру мен ұлттық құндылықтарды ұлықтау, қазіргі қазақ әдебиетінің әлеуетін таныту мен тарату. 

МҮШӘЙРАНЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ: 

Мүшәйраға қатысатын ақындар төмендегі екі тақырып бойынша бұрын жарияланбаған туындыларын ұсынуы тиіс:

1. «Тәуелсіздік тұғырында тұрған Ел!» (ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына, Елдік пен халық бірлігіне арналған өлең/дастан); 

2. Еркін тақырыпқа жазылған екі өлең. 

Мүшәйра республикалық деңгейде жарияланып отыр. Ақындардың жасына қатысты ешқандай шектеу жоқ. Мүшәйраға ұсынылатын шығармалар 2021 жылдың қазан айының 1-нен қараша айының 30-на дейін қабылданады. 

МҮШӘЙРА ЖҮЛДЕЛЕРІ: 

- Бас жүлде (М.Мақатаев атындағы сыйлық, бір жеңімпаз) – 1 000 000 т. 

- Бірінші орын (Т.Айбергенов атындағы сыйлық, бір жүлдегер) – 750 000 т. 

- Екінші орын (Қ.Мырза-Әлі, Т.Молдағалиев атындағы сыйлықтар, екі жүлдегер) – 500 000 т. 

- Үшінші орын (Ғ.Қайырбеков, Ж.Нәжімеденов, Ф.Оңғарсынова атындағы сыйлықтар, үш жүлдегер) – 300 000 т. 

- Атаулы сыйлықтар (Қ.Шаңғытбаев, Т.Бердияров, С.Жиенбаев, Қ.Бұғыбаева, Ө.Нұрғалиев, Р.Ниязбек, Ж.Бөдешұлы, Ж.Жақыпбаев, Ж.Әбдіраш, К.Мырзабеков атындағы сыйлықтар, он сыйлық) – 200 000 т. 

Барша сұрақтар бойынша: 

Алматы қ., Абылай хан даңғылы 105,

Қазақстан Жазушылар одағы

+7(775)8463705

+7(727)2725976

email: Nissa_70@mail.ru

madeniportal.kz

Жаңалықтар

БҚО-да аурудың бәрін емдеп, құлан-таза айықтыратын «ғажайып көрпені» 300 мың теңгеге сат...

Жаңалықтар

Көкшетаулық полиция жасырын есірткі салушының синтетиканы елордадан кофе пакеттерінде тасымалдағанын...