«Қайдан шыққан бұзақылар»: Шымбұлақтағы аспалы жолмен жүретін кабинаға қар лақтырған (ВИДЕО)

коллаж: madeniportal.kz

Жаңалықтар
116

Алматыдағы «Шымбұлақ» демалыс алаңында белгісіз бір топ бала аспалы жолмен жүретін кабинаға қар лақтырған, деп хабарлады madeniportal.kz.

Бұл туралы әлеуметтік желіде бейне тарады. Бейнеде аты-жөні белгісіз балалар аспалы жолмен жүріп келе жатқан кабинаға кезектесе қар лақтырысқан.

«Қайдан шыққан бұзақылар? Ата-аналар балаларына дұрыс тәрбие бермейді, содан кейін олар үшін айыппұл арқалайды», - деп жазылған бейненің астында.

Желі қолданушылары бұл бейнеге көңілдері толмай, балалардың ата-анасы үйде тәрбие бермейтінін жарыса жазды.

«Бұл адамдар сіз бен біздің болашағымыз», «Тауып жазасын беру керек», « 5 жыл түрмеге отырғызу керек», - деп жазды желі қолданушылар.